Date of publication: 17.05.2019 15:09
Date of changing: 17.05.2019 15:10

Мемлекеттік кірістер органдарымен салық және кеден саласында 45 мемлекеттік қызметтер түрі көрсетіледі, оның ішінде 12 қызмет түрін «Электрондық Үкімет» порталы сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары «Е-Лицензия» арқылы алуға болады.

Салық төлеушілерге маңыздысы ол 12 көрсетілетін қызметтер түрін мемлекеттік қызмет көрсетудің экстерриториялық принципі бойынша қызметтерге қол жеткізуі, олар:

  1. Жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебi;
  2. Салық төлеушілерді тіркеу;
  3. Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру;
  4. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру;
  5. Қазақстан Республикасының резинденттігін растау;
  6. Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау);
  7. Салықтық есептілікті қабылдау;
  8. Салықтық есептілікті керi қайтарып алу;
  9. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;
  10. Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару;
  11. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту;
  12. Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме беру.

Мемлекеттік қызмет алу рәсімін оңтайландыру және оңайлату мақсатында қызмет алушының тіркеу есебінің орнына байланыстырмай мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізіледі, яғни қызмет алушыда әрбір мемлекеттік кірістер органында қызмет алу мүмкіншілігі бар, тек өзінің өтінішін жазу қажет.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы