Date of publication: 14.06.2019 16:00
Date of changing: 14.06.2019 16:05

Ағымдағы жылдың 12 маусымында Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілердің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

         Келушілерге онлайн бақылау-касса машинасының қолдану тәртібі, сонымен  қатар осы жылдан бастап ақшалай есеп айырысу кезінде көрсетілетін 633 қызмет түрлері бойынша БКМ қолдануға міндетті екендігі айтылды. 

         Жалпы республикалық ауқымды «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» Акциясы туралы түсіндіріліп, әр қала тұрғыны азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғауды, сонымен қатар аталған Акцияның ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап 8 тамызға дейін өткізілетіні айтылды.

         Қазақстанның 18 жастаң асқан әрбір тұрғыны аталған Акцияға қатысуға құқылы, оған тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді  «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды.    

         Еліміздің Тұнғыш Президенті өз Жолдауында кіші және орта бизнеске салықтық рақымшылық жасауды, яғни бересені төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығаруын тапсырған болатын.

         Кіші және орта бизнес субъектілеріне салықтық рақымшылық дегеңіміз ол 2018 жылдың 1 қазан жағдайына бересі сомасы болған жағдайда және оны 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлегенде, өсімпұл мен айыппұл сомалары есептен шығарылады.

         Сонымен қатар, электрондық шот-фактура қолдану сұрақтары мен «Виртуалды қойма» туралы айтылды.

         Семинар-кеңес соңында салық төлеушілердің көкейінде жүрген бір қатар сұрақтарына толыққанды жауаптары берілді.

 

Еңбекші ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы