Date of publication: 15.01.2020 11:09
Date of changing: 15.01.2020 11:10

Еліміздегі кәсіпкерлік субъектілерін жұмыскерлердің жылдық орташа саны мен жылдық орташа кіріске қарай келесі санаттарға жатқызылады:

         -шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері;

         -орта кәсіпкерлік субъектілері;

         -ірі кәсіпкерлік субъектілері.

         Кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшыларының жылдық орташа саны осы кәсіпкердің филиалдарының, өкілдіктерінің басқа да бөлімшелерінің жұмысшыларымен жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда саны болып табылады.

         Соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық кірістердің немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлік субъектілері кірістерінің үшке бөлінген сомасы жылдық орташа кірісі деп есептеледі.

         Микрокәсіпкерлік субъектілеріне жұмысшылар саны 15 адамнан  немесе жылдық орташа кірісі 30 000*2651= 79 530 000 теңге мөлшерінен аспайтындар жатады.

         Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне- жұмысшылар саны 150 адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі 300 000 *2651=795 300 000 теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер (ЖК)  мен заңды тұлғалар (ЗТ)  жатады.

         Орта кәсіпкерлік субъетілері -кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ЖК мен ЗТ болып табылады.

         Ірі кәсіпкерлік субъектілері- жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 250  адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа кірісі 3 000 000 *2651= 7 953 000 000 теғге мөлшерінен асатын ЖК мен ЗТ ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.