Date of publication: 16.01.2020 09:33
Date of changing: 16.01.2020 09:34

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті төмендегідей хабарлайды.

 2019 жылғы 27 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджеттік, салықтық заңнаманы және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) қабылданды.  

Заң 2020 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Заңның 2-бабында банкроттық рәсімдерінде төлемге қабілетсіз борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия, сондай-ақ оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылардың қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органда тіркеу негізінде әкімші қызметін жүзеге асыратын тұлғалар Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізу үшін қызметтің басталғаны туралы хабарлама беруге міндетті деп белгіленген.

2021 жылғы 10 қаңтардан бастап банкроттық рәсімдерінде төлемге қабілетсіз борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның, сондай-ақ оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылардың қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркеудің бар болуы әкімші қызметін жүзеге асыру үшін негіз бола алмайды.      

Әкімші қызметін жүзеге асыруға «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес тұлғалар ғана құқылы.  

Қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы,                 сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген.

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларының 3-тармағына сәйкес, хабарламаны (бекітілген нысанда) қағаз тасығышта тікелей қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасына немесе электрондық нысанда «электрондық үкімет» компоненты болып табылатын ақпараттық жүйе арқылы беруге болады (www.elicense.kz          қаржылар         Әкімші (уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар) қызметін жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама)

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Берешектермен жұмыс басқармасы