Date of publication: 16.07.2020 09:49
Date of changing: 16.07.2020 09:49

Тауарлармен электрондық сауда жасау ол дегеніміз егер бір мезгілде төмендегі шарттар орындалған кезде:

  • тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
  • тауарлар үшін  төлеу ақысы қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
  • тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.

         Интернет-алаң – тауарлармен электрондық сауданы ұйымдастыру бойынша делдалдық қызметтер көрсететін, Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе.

         Интернет-дүкен – тауарларды өз интернет-ресурсында өткізуге арналған, Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе.

         Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру үшін жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға қажет.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.