Date of publication: 25.11.2021 11:52
Date of changing: 25.11.2021 12:05

Соңғы уақытта елімізде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша кедендік бақылауды, оның ішінде өткізу пункттерінде жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларын ұстау жағдайларының орын алуына байланысты, 22.11.2021 жылы Департаменттің кадр қызметімен «Шымкент» Кедендік ресімдеу орталығы кеден бекетінде сыбайлас жемқорлық профилактикасы тақырыбында құқықтық сабақ өткізілді.

Профилактикалық іс-шара барысында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызметтік әдеп ережелерін сақтау мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту  шаралары талқыланды..

Кездесу барысында кеден бекеті қызметкерлері заң талаптарын, кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау және азаматтармен қызметтік міндеттерді орындау барысында сыпайы және әдепті болу, мемлекеттік органның имиджін жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жетілдіру қажеттігі туралы қатаң ескертілді.

Лекция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы слайд көрсетілді.