Date of publication: 17.10.2018 17:21
Date of changing: 17.10.2018 17:24

Қазақстан Республикасының «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Заңына сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мегаполистің барлық авто жанармай құю станцияларында мұнай өнімдерін жүзеге асыру авто жанармай кұю станцияларының резервуарларын, мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде автоматтандырылған түрде мәлімет беретін есепке алатын бақылау аспаптары арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Осыған сәйкес, авто жанармай құю станцияларының мұнай өнімдерін бөлшек саудада жүзеге асырушыларды нысандарын бақылау аспаптарымен уақытылы жарақтандырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылмауға шақырамыз. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жүйенің тізілімінде тіркелген есепке алатын бақылау аспаптары орнатылуға жатады.

Авто жанармай құю станцияларында есепке алатын бақылау аспаптарын орнатпаған жағдайда, мұнай өнімдерін бөлшек саудада жүзеге асырушыларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281 бабының 8 тармағына сәйкес, 100 АЕК-тен 300 АЕК-дейін мұнай өнімдері тәркілене отырып, әкімшілік айыппұлдар салынатын болады.  

 

 

Түсіндіру жұмыс басқармасы

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті