Date of publication: 15.11.2018 17:31
Date of changing: 15.11.2018 17:31

Салық кодексінің 73-бабына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасының бұзылуына себеп болған жағдайларды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу арқылы салық төлеушілерге ықпал етеді.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, барлық ҚҚС төлеушілер тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметті жүзеге асыру барысында шот-фактураларды электронды нысанда жазып беруге міндетті.

Бүгінгі күнге Шымкент қаласында 4799 ҚҚС төлеушілер тіркелген, оның ішінде 4014 салық төлеуші ЭШФ АЖ пайдалануға келісім-шартқа отырған, бұл 83,6% құрайды.

Тиісінше 700-ден астам ҚҚС төлеушілер жыл соңына дейін электронды-цифрлық қолтаңба – Ұлттық куәландыру орталығының сертификатын алуы, нұсқаулықпен танысуы және ЭШФ ақпараттық жүйесінде тіркеуден өтуі қажет.

2016 жылдан бастап ЭШФ жазып беру бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, сонда да бұл мәселе әлі күнге дейін өзекті болып отыр.

Жылдың аяқталуына 1,5 ай қалғанын ескерсек, барлық ҚҚС төлеушілерін ЭШФ АЖ-не  тіркелуді ұсынамыз.

Әр бейсенбі күндері, Шымкент қаласының барлық Мемлекеттік кірістер басқармаларында «Ашық есік күні» өтуде. Шот-фактураларды электронды нысанда жазып беру бойынша туындаған барлық сұрақтарыңыз бойынша кеңестерді осы «ашық есік күнінен» немесе Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасынан 35-46-53 сымтетігі арқылы алуға болады.

 

                                                        Түсіндіру жұмыс басқармасы

                                                        Шымкент қаласы бойынша МКД