Date of publication: 04.12.2018 14:19
Date of changing: 04.12.2018 17:49

Шаһарымыздың 5 ірі сауда орталығы мен 2 базар әкімшілігі, «Атамекен» ҰКП және аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларымен бірлесе отырып  Астана қаласының «Шапағат» базарында жүріп жатқан пилоттық жобасына сәйкес Меморандум іске асырылды.

         Түзілген Меморандум басты мақсаты базар әкімшілігі тарапынан тиісті телекоммукалдық байланыспен қамтамасыз ету, яғни:

  • әрбір сауда орнына электр желісін, ғаламтормен, қолданыстағы салық кодексін көрсетіп отыратын теледидарлармен, баннерлер мен стендтер, БКМ мен посттерминалдарды тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бөлек орын қарастыру).
  • Арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлерге БКМ, посттерминалдарды алдырту және оны қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  • Базар әкімшіліктері кәсіпкерлер бойынша мәлімет алмасу үшін  жаңадан түзілетін келісім шарттарға келесі бөлімдерді міндетті түрде қосуға келісілген, олар:
  • Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек;
  • БКМ мен пост терминалдары болуы тиіс;
  • «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы екінші деңгейлі банктермен базарларда сауда жасайтындарға посттерминалдармен қамтамасыз еткізу мақсатында түсіндіру жүргізуді.

         Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде, базарда посттерминал және басқа да төлем түрлерімен -85 сауда орны  қамтамасыз етілді, ал  ДБФ БКМ- 347 салық төлеуші  қамтамасыз етілді. (Жобаның басында POS-терминалдар -57-сі, ал БКМ тек 183 саудагер қолданған).

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы