Date of publication: 13.06.2019 22:27
Date of changing: 13.06.2019 22:28

         Тауарлармен электрондық сауда дегеніміз ол бір мезгілде төмендегі шарттар сақталған кезде, олар:

  • тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
  • тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
  • тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

         Интернет-алаң ол тауарлармен электрондық сауданы ұйымдастыру бойынша делдалдық қызметтер көрсететін, Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе.

         Интернет-дүкен ол тауарларды өз интернет-ресурсында өткізуге арналған, Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе.

         Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға қажет.

         Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама негізінде және жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жеріндегі салық органдарында жүргізіледі.

         Хабарламаны  жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей салық органына ұсыну қажет.

         Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші Салық  кодексінің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

         Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады. Осы шарт сақталмаған кезде, салық төлеуші осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы