Жарияланған күні: 30.10.2018 16:01
Өзгертілген күні: 31.10.2018 17:22

 Шағын бизнеспен айналысатын салық төлеуші мынадай арнаулы салық режимдерінің біреуін таңдаса болады:

  • патент негізіндегі арнаулы салық режимін;
  • оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін;
  • тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қамтитын арнаулы салық режимдерін;

Патент жеке табыс салығын төлеу фактісін (төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік төлемдерді растайтын электрондық құжат болып табылады.

Арнаулы салық режимiн таңдау және оны қолдануды тоқтату тәртібі

  1. Осы бөлімнің осындай әрбір режимі үшін белгіленген, оны қолдану шарттарына сәйкес болған кезде, арнаулы салық режимін таңдауды:
  1. жеке тұлғалар – жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою

мыналарға:

 салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібінен патент негізінде арнаулы салық режиміне ауысқан кезде – патент құнын есептеуде;

 басқа да арнаулы салық режимдеріне ауысқан кезде – уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада жүзеге асырылады.

Егер жаңадан құрылған салық төлеушi осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған тәртiппен арнаулы салық режимiн таңдап алмаған жағдайда осындай салық төлеушi қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама бергенге дейiн салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртiбiн таңдап алды деп танылады.

  1. Жаңадан құрылғанын қоспағанда, салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану шарттарына сәйкес келген кезде:
  • жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiнен – патент негiзiнде;
  • жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен, патент негiзiндегi арнаулы салық режимiнен немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiнен – оңайлатылған декларация негiзiнде;
  • жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен, шағын бизнес субъектiлерi үшiн басқа да арнаулы салық режимдерiнен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимдерiнен – тіркелген шегерім пайдаланылатын;
  1. Салық салудың осындай режимi үшін осы бөлімде белгiленген хабарламада арнаулы салық режимін қолдану шарттарының сәйкес келмеуі жағдайлары туындауын қоспағанда, таңдалған арнаулы салық режимi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертуге жатпайды.
  2. . Салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбіне ауысқан кезде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiне кейіннен көшу жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолданудың күнтiзбелiк бiр жылынан кейін мүмкiн болады.
  3. Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн талаптар туындаған жағдайларда салық төлеушi жалпыға бiрдей белгiленген салық салу тәртібіне немесе өзге де арнаулы салық режимiне көшу үшiн осындай жағдайлар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама беруге мiндеттi.
  4. Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны салық төлеушілер тұрған жеріндегі салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады.
  5. Салық органы тиісті арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы бөлiмде белгiленген шарттарға салық төлеушiлердің сәйкес келмеуi фактiсін анықтаған кезде салық төлеушiлердi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.

Камералдық бақылау барысында осындай фактілер анықталған жағдайда салық органдары жалпыға бiрдей белгiленген тәртіпке ауыстырғанға дейін салық төлеушiге осы Кодекстiң 114 және 115-баптарында белгiленген мерзімде және тәртіппен осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама жолдайды.

  1. Таңдалған арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні:
  1. дара кәсіпкер ретінде қызметiн бастағаны туралы хабарламада таңдалған арнаулы салық режимiн көрсеткен жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлер үшін – салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою күні;
  2. басқа жағдайларда – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынылған айдан кейінгі айдың 1-күні болып табылады.
  1. Осы баптың 8-тармағына сәйкес арнаулы салық режимiне көшкен кезде арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртiбін қолдану – салық салудың қолданылатын режимі туралы тиiстi хабарлама берiлген айдың соңғы күнiнен бастап тоқтатылады.
  2. Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде салық төлеушіні арнаулы салық режимінен салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібіне көшіру (ауыстыру) кезінде салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібін қолданудың басталу күні осындай жағдайлар туындаған айдың 1-күні болып табылады.

ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІ ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін:

  1. патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде төлем көзiнен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, жеке табыс салығын;
  2. оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде төлем көзiнен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты, корпоративтiк немесе жеке табыс салығын;
  3. арнаулы салық режимiн тіркелген шегерімді пайдалана отырып қолданған кезде төлем көзiнен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, жеке немесе корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген, салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептiлiкті есептеу, төлеу және табыс ету жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеуші төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден жеке табыс салығы бойынша осы салықты есептеу, ұстап қалу және оны аудару бойынша салық агентінің міндеттемелерін осы Кодекстің 38-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды.

      Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден жеке табыс салығы бойынша салықтық есептілікті осы Кодекстің 38-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.

Патенттiң немесе оңайлатылған декларацияның негiзiнде арнаулы салық режимдерiн қолданған кезде кірістерді айқындау тәртiбi

1. Салық төлеушiнiң патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын салық салу объектiсi салықтық кезең үшiн алынған кіріс болып табылады.

      2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн айқындалатын кіріс Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алуға жататын) кірістердің мынадай түрлерінен (осы баптың 6-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулерді ескере отырып):

1) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен кірістен, оның ішінде мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) тапсырудан түскен кірістен;

 2) мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн кірістен;

 3) талап ету құқықтарын беруден түсетін кірістен;

4) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түскен кірістен;

5) таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдардан, өсімпұлдан және басқа да санкция түрлерінен (егер салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезеңде бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұстап қалып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа);

6) шығындарды жабу үшiн мемлекеттiк бюджеттен алынған сомалардан;

 7) түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артық шығуынан;

 8) кәсiпкерлiк мақсаттарда пайдалануға арналған өтеусiз алынған мүлiк түрiндегi кірістен (қайырымдылық көмегiнен басқа);

 9) жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлкін күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын жалға алушының өтеуінен;

 10) жалға алушының жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есепке жатқызылатын, дара кәсіпкерден жалға алған мүлікті күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарынан тұрады.

  1. Шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде  көрсетiлген кіріс мөлшерін:

"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды (бұдан әрі – бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасау) жүзеге асырмайтын дара кәсiпкер – осы Кодекстің 24-тарауына және осы баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес;

Бухгалтерлiк есеп жүргізу мен қаржылық есептiлiк жасауды жүзеге асыратын дара кәсiпкер – осы Кодекстiң 226240-баптарына және осы баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес айқындайды.

4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушілер осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген кірісті алған кезде осы Кодекске сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілік ұсынуды жүргізеді.

5. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiнiң кірісі ретінде салық салу мақсатында:

1) осындай мүлікті беретін салық төлеуші үшін – өтеусіз берілген мүлiктiң құны;

 2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мұқтаждықтар үшін сатып алынатын активтерді өткізу;

 3) егер осындай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және осындай беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда, дара кәсіпкер өтеусіз алған, оған жарнамалау мақсатында (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;