Жарияланған күні: 29.12.2023 18:33
Өзгертілген күні: 29.12.2023 18:37

    

 

     Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың 2 жартыжылдығында мемлекеттік кірістер органдарының Байланыс-орталықтарының үздік операторларын анықтады.

          I орын - Смайлова Мейрамқүл Маханбетқызы, Шымкент қаласы бойынша МКД қызметкері;

          II орын-Сейдазым Әйгерім Бекбосынқызы, Алматы қаласы бойынша МКД қызметкері;

          III орын - Райымбекова Индира Маратқызы, Қарағанды облысы бойынша МКД қызметкері.

          Жұмысты бағалау ұсынылатын кеңестердің толықтығы мен қолжетімділігі, өңделген өтініштердің саны, оң нәтижемен бағалау деңгейі және оператордың жұмысын бағалағандарды қамту бойынша жүзеге асырылады.

          Бұл шараның мақсаты - қызметкерлерді ынталандыру арқылы мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету сапасын және қанағаттану деңгейін, қызметінің ашықтығын арттыру.

          Айта кету керек, мемлекеттік кірістер комитетіндегі Байланыс-орталығы 2019 жылғы наурыздан бастап жұмыс істейді, 2020 жылы қызметтерге сұраныстың артыуына байланысты Байланыс-орталықтары өңірлік департаменттерде де құрылған.

          Негізгі міндеттер салық және кеден заңнамасы саласында түсініктемелер беру, мемлекеттік кірістер органдарының қызметтерін көрсетуі болып табылады.

          Байланыс орталықтары құрылғаннан бері 2,3 млн. астам өтініш бойынша түсініктеме берді, оның ішінде ағымдағы жылы 372 мыңнан астам өтініш берілген бағалау көрсеткіштері бойынша 2023 жылы жүгінген азаматтардың 98%-ы байланыс орталықтары операторларының жұмысын оң нәтижемен бағалады.

          Өз кезегінде, мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілермен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен коммуникация құралдарын одан әрі жетілдіру үшін «1414» арқылы кеңестер берумен қатар, 2023 жылғы 16-қазаннан бастап бейне байланыс арқылы кеңестер беру жөнінде де пилоттық жобаны іске қосылып, оның қызметтерін әлемнің кез келген нүктесінен Комитет порталында немесе Telegram-дағы «Salyqbot» чат-ботында арнайы Qr-кодқа не «бейне қоңырау» сілтемесіне басу арқылы пайдалануға болады. Бүгінгі таңда бұл қызметті 301 салық төлеуші пайдаланды.