Жарияланған күні: 22.02.2019 17:17
Өзгертілген күні: 22.02.2019 17:22

Бақылау-касса машинасы дегеніміз тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететiн, деректерді беру функциясы жоқ фискалдық жады блогы бар электрондық құрылғы, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар (жоқ) аппараттық-бағдарламалық кешен, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы.

         Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi, алайда 25.12.2017 жылғы № 121-VI Қазақстан Республикасы Заңымен төмендегі көрсетілген салық төлеушілер 01.01.2020 жылға дейін қолданбайды, олар:

  • жеке тұлғалардың;
  • адвокаттар мен медиаторлардың;
  • қызметін  патент негізінде арнаулы салық режимiн, бірыңғай жер салығын төлеу негізінде салық режимін қолданатындар;
  • уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;
  • екінші деңгейдегі банктердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

         Салық төлеушілер қолданатын бақылау-касса машиналарын салық органдарында есепке алу үшін:

  • бақылау-касса машинасын есепке қоюды;
  • тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;
  • бақылау-касса машинасын есептен шығаруды қамтиды.

         Модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары пайдаланатын жері бойынша салық органдарында есепке қоюға жатады.

      Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары салық органдарында есепке қоюға жатады.

         Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою үшін салық төлеуші салық органына:

  • бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
  • салық төлеуші туралы мәліметтері бар бақылау-касса машинасын;
  • нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен (болған кезде) куәландырылған тауар чектерінің кітабын ұсынады.

         Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына сәйкес бекітілген, олар;

 

Қызмет түрлері

 
 

1.

Ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды көтерме саудада сату

 

2.

Металл бұйымдарын, су құбырын және жылыту жабдықтары мен мүкәммалын көтерме саудада сату

 

3.

Компьютерлерді, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтымды бөлшек саудада сату

 

4.

Аудио және бейнетехниканы бөлшек саудада сату

 

5.

Тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату

 

6.

Жиһазды, жарықтандыру жабдықтары мен өзге де тұрмыстық керек-жарақтарды бөлшек саудада сату

 

7.

Қонақ үйлердің көрсетілетін қызметтерді ұсынуы

 

8.

Мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер

 

9.

Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет

 

10.

Шаштараздардың және сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы

 

11.

Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату

 

12.

Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу

 

13.

Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату

 

14.

Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату

 

15.

Сусындарды көтерме саудада сату

 

16.

Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату

 

17.

Тоқыма бұйымдарын сату

 

18.

Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату

 

19.

Киімдерді сату

 

20.

Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату

 

21.

Сағат және зергерлік әшекейлерді сату

 

22.

Ломбард қызметі

 

23.

Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі

 

24.

Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару

 

25.

Жарнама агенттіктерінің қызметі

 

26.

Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі

 

27.

Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі

 

         Аталған бұйрық 2018 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізілген.

         Сонымен қатар, Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы №1029 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес,салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылғы 1 сәуірден бастап қолданатын қызмет түрлері, олар автомобильдер мен жеңіл автомобильдерді жалға алу және жалға беру,жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару,резеңке шиналар мен тыстарды қалпына келтіру, жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату, автобуспен тасымалдау т.б, жалпы 323 қызмет түрлері бекітілген.

         Осыған қоса, салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданатын қызмет түрлері түрлі ассортименттегі тауарларды сату жөніндегі агенттердің қызметі, малдарды тірідей көтерме саудада сату, астық, тұқым және малдарға арналған жемді көтерме саудада сату, кофе, шай, какао және дәмдеуіштерді көтерме саудада сату т.б. барлығы 86 қызмет түрі.

         Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылғы 1 қазаннан бастап қолданатын қызмет түрлері ветеринарлық қызмет, жүзімді өсіру, азық дақылдарын және олардың тұқымдарын өсіру, журналдар мен мерзімдік басылымдарды шығару, тұщы сулық аквадақыл  жалпы 224 қызмет түрлері айқындалған.

         Барлық қызмет түрлері мен қолдану мерзімдері туралы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми сайтында http://shymkent.kgd.gov.kz/ru  22.01.2019 жылы басты бетте «Жаңалықтар мұрағаты» рубрикасында орналастырылған.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы