Жарияланған күні: 18.04.2024 15:25
Өзгертілген күні: 18.04.2024 15:27
Қазақстандағы жалпыға бірдей декларациялау: кімдер декларация тапсыруы керек, қандай мүліктер мен табыстар көрсетіледі, салық есебін тапсыру шарттары мен ерекшеліктері туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясы барысында жеке тұлғалардың табыстарын әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Кусаинова айтып берді.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді.
Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті:
- әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;
- жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру;
- сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету. 
Кезеңдері
Бірінші кезең бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 580 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары "кіру" декларациясын тапсырды. 
Екінші кезеңде, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың шамамен 2,1 млн. қызметкері, сондай-ақ олардың жұбайлары табыс етті.
Үшінші кезеңде, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны шамамен 3,9 млн. жеке тұлғалар тапсырады – олар заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары. 
Төртінші кезеңде, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаттары табыс етеді (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар). Жалпы 6,4 млн жеке тұлға қамтылады деп жоспарлануда.
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне шамамен 13 млн. адам енеді деп күтілуде.
Қандай активтер көрсетіледі?
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың "кіру" декларациясын табыс етуінен тұрады және декларацияда жеке тұлғаның барлық шетелдік активтері, жылжымалы, жылжымайтын мүліктері, атап айтқанда:
шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
шетелдік банктердегі 7,3 мың АҚШ долларынан асатын ақша қаражаттары (1 000 АЕК);
шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;
бағалы қағаздар, сандық активтер (биткоиндар және т. б.);
үлестік қатысу шарты (тұрғын