Жарияланған күні: 08.06.2023 15:06
Өзгертілген күні: 08.06.2023 15:06

Ағымдағы жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.05.23 ж. №393 қаулысы жарияланды, онда бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді.



Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап осы режимді қолдану үшін Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңның нормаларына сәйкес ҚҚС төлемейтін салық төлеушілер ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін тиісті хабарлама ұсынуы тиіс болатын.

Осылайша, бұрын жарияланған түсіндірмеге қосымша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген салық режиміне көшу үшін ҚҚС төлемейтін салық төлеушілер ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны қоса беруі қажет екенін хабарлаймыз.

Хабарлама салық төлеушінің
орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына ұсынылады. Хабарламаны салық төлеушінің кабинеті арқылы ұсынуға болады.

Бұл ретте бөлшек салықтың АСР-не ауысуы үшін ретроспективті түрде, мысалы, хабарламасының 2-бөлімінде «Бөлшек салықтың АСР-не G.» жолында, себебін «АСР қолдану шарттарына сәйкес келмейтін В.» таңдап және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап осы режимді қолдануға мүмкіндік беретін 01.01.2023 жылғы күнді көрсету қажет.

Бұл ретте 01.01.2023 ж. бастап ретроспективті түрде бөлшек салық АСР-не көшу үшін «Бөлшек салық АСР-не G.» хабарламасының 2-бөлімінде «АСР қолдану шарттарына сәйкес келмейтін В.» жолында себебін және 01.01.2023 жылғы күнді көрсету қажет, бұл осы режимді осы күннен бастап қолдануға мүмкіндік береді.

Көрсетілген салық режиміне көшу үшін ҚҚС төлеушілер хабарламаның көрсетілген күніне дейін (2-бөлімінде «Бөлшек салықтың АСР-не G.» және себебін «Ерікті шешім қабылдау А.» белгілей отырып), қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын және ҚҚС бойынша есептен шығару туралы салықтық өтінішті МКБ-на ұсынады.