Жарияланған күні: 21.09.2018 11:54
Өзгертілген күні: 21.09.2018 11:57

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексі күшіне енді.

Бұл кодекспен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға декларацияны ұсыну міндетті түрде электрондық түрде жүзеге асырылуы қарастырылған.

Аталған жүйенің негізгі мақсаты кедендік ресімдерді жылдамдату, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың уақыттық және қаржылай шығындарын қысқарту, электронды декларациялау жүйесін енгізу, құжаттар санының қысқаруына мүмкіндік туғызу, алдын-ала ақпаратты ұсыну және кедендік декларацияны шығару болып табылады.

Осы мақсатта, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі енгізілді. Ақпараттық жүйені енгізу бірнеше кезеңдердерден өткен.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған жүйеде «Экспорт-10» кедендік рәсімі бойынша тауарларды кедендік декларациялау бойынша модулі іске қосылды. 

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап барлық кедендік рәсімдер бойынша ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Қазіргі таңда, тауарларды ресімдеу барысында, кедендік бақылауға жүйе өздігінен дәлізді анықтауда. Мысалы,  тауарлар ақпараттық жүйемен жасыл дәліз бойынша автоматты түрде лауазымды тұлғаның қатысуынсыз 1–2  минут ішінде шығарылады.

        «Сары» дәліз бойынша – лауазымды тұлғамен қосымша құжаттар мен мәліметтер электронды түрде сұралады.

«Көк» дәліз бойынша – тауарлар шығарылғаннан кейін тексеру жүргізіледі.

Адал ниетті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларының құжаттарына бақылау жүргізілуіне алаңдаудың қажеті жоқ. Егер өткізілген құжаттар толық болған жағдайда, мұндай құжаттың түріне бақылау уақытылы және нақты орындалады. Сондай-ақ, адал ниетті емес сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларына жоғарыда аталған бақылау түрі қателіктер мен кемшіліктерге әкеп соғады.

        «Астана-1» АЖ-сін енгізу аясында, келесідей мақсат ұстаным бойынша, кедендік тазарту рәсімінен тауарларды шығарылған кейінгі кезеңге ауысқан, ал 80 %  дейін ТД «жасыл» дәлізбен өтетін болады.

        2018 жылдың 7 айдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы бойынша МКД – не қарасты «Шымкент - КРО», «Оңтүстік - АЭА» және «Әуежай Шымкент» кеден бекеттері «АСТАНА-1» ақпараттық жүйеде 7 511  декларация ресімделді. Оның ішінде:

 «Жазыл» дәліз бойынша – 5 746 декларация немесе 77%;

 «Сары» дәліз бойынша –1 308 декларация немесе 18%;

 «Қызыл» дәліз бойынша – 125 декларация немесе 2%;

   «Көк» дәліз бойынша – 332 декларация немесе 5% құрап отыр.

Тек «қызыл» дәліз бойынша – кедендік бақылаудың қосымша түрлері қолданылады, оның ішінде кедендік тексеріп қарау, сараптама және т.б., осылайша кедендік тазалаудың уақытына ерекше әсерін тигізіп отыр.

Осылайша барлық ресімделген  декларацияның (ТД) көрсеткіші «қызыл» дәліз бойынша – 125 декларация немесе 2% -ы ғана тереңдетілген кедендік бақылауға ұшырағанын көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі барлық мемлекеттік органдармен интеграцияланған жүйе болып табылады. Ақпаратық жүйеге «бір терезе» қағидасы енгізілген, ол бойынша жүйеде кедендік бақылаудан басқа да барлық мемлекеттік бақылау түрлері яғни, ветеринарлық, фитосанитарлық, санитарлық-карантиндік және салықтық бақылаудың кейбір түрлері жүргізіледі.

Аталған жүйе сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларына ғимараттарынан шықпай-ақ электронды түрде алдын-ала ақпараттандыруды және кедендік декларациялауды орындауға мүмкіндігін беруде.

Қазіргі таңда «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің іске қосылуы өзінің оң нәтижелерін көрсетті.

Электронды декларациялау жүйесінің іске қосылуы құжаттар санының қысқаруына мүмкіндік туғызды және СЭҚ қатысушыларына алыс қашықтықтан электронды түрде алдын-ала ақпараттандыруды және кедендік декларацияны беру мүмкіндігін берді. Сондай-ақ, СЭҚ қатысушылары экспортталатын тауарларға қатысты жүргізіліп жатқан операцияларды қадағалауына болады.   

 

 

             Шымкент қаласы бойынша

                                                                  Мемлекеттік кірістер департаменті