Жарияланған күні: 20.06.2022 11:36
Өзгертілген күні: 20.06.2022 11:38

2022 жылғы семинарлар өткізу Жоспарына сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша, 2022 жылдың 13-17 маусым аралығында «Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлері үшін «Алтынкөл-жол» және «Нұр жолы» кеден бекеттерінде өтті.

Дәріскерлер ретінде:

Касымкулова Лаззат Турдакыновна  - ОӘО басшысының орынбасары;

Адамбаев Мейрам - Алматы облысы бойынша МКД «Алтынкөл-жол» кеден бекетінің жетекші маманы;

Абдреимова Меруерт Рабатовна - ОӘО-ның цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы қатысты.

Курстың негізгі мақсаты - ИДК техникасы мен экипажының кешенді жүйесі болып табылатын кедендік бақылаудың сапасын арттыру, ИДК операторларының ұсынылған құжаттар мазмұнының мәліметтерімен сканерленген бейнелерге біліктілік талдауын жүзеге асыру.

Қатысушылар танысты:

- жүкті интрузивті емес сканерлеу үшін рентгендік технологияларды қолдану;

- сканерлердің техникалық сипаттамасы;

- жасыру әдістері;

- тыйым салынған заттарды (жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, есірткі заттарды, контрабандалық тауарларды және т. б.) іздестіруді және анықтауды қамтамасыз етуге;

-ИДК рентген-суреттерінің нәтижелері бойынша органикалық және бейорганикалық заттарды тануды талдау;

- рентгендік бейненің перспективалық орналасуы және тереңдетілген талдауы.

Курс қорытындысы бойынша 33 қызметкер оқудан өтті. Тыңдаушылар

рентген-телевизиялық қондырғыларда жұмыс істеудің теориялық және практикалық дағдыларын, сондай-ақ қол жүгі мен багажды жіктеуді, кедендік шекара арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектелген заттарды анықтау мақсатында жүк көлік құралдарын тексеруді игерді.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Іссапар шығыстары толық көлемде АҚШ экспорттық бақылау және шекаралар қауіпсіздігі бағдарламасы Мемлекеттік департаментінің есебінен төленді.