Жарияланған күні: 29.06.2022 11:18
Өзгертілген күні: 29.06.2022 11:19

2022 жылғы семинарлар өткізу Жоспарына сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша, 2022 жылдың 20 - 24 маусым аралығында «Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлері үшін «ст.Сарыағаш» және «Қапланбек» кеден бекеттерінде өтті.

Дәріскерлер ретінде:

Касымкулова Лаззат Турдакыновна  - ОӘО басшысының орынбасары;

Абдреимова Меруерт Рабатовна - ОӘО-ның цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы қатысты.

Курстың негізгі мақсаты - ИТК техникасы мен экипажының кешенді жүйесі болып табылатын кедендік бақылаудың сапасын арттыру, ИТК операторларының ұсынылған құжаттар мазмұнының мәліметтерімен сканерленген бейнелерге біліктілік талдауын жүзеге асыру.

Қатысушылар:

- жүкті интрузивті емес сканерлеу үшін рентгендік технологияларды қолдану;

- сканерлердің техникалық сипаттамасы;

- жасыру әдістері;

- тыйым салынған заттарды (жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, есірткі заттарды, контрабандалық тауарларды және т. б.) іздестіруді және анықтауды қамтамасыз етуге;

-ИТК рентген-суреттерінің нәтижелері бойынша органикалық және бейорганикалық заттарды тануды талдау;

- рентгендік бейненің перспективалық орналасуы және тереңдетілген талдауымен танысты.

Курс қорытындысы бойынша 18 қызметкер оқудан өтті. Тыңдаушылар

рентген-телевизиялық қондырғыларда жұмыс істеудің теориялық және практикалық дағдыларын, сондай-ақ қол жүгі мен багажды жіктеуді, кедендік шекара арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектелген заттарды анықтау мақсатында жүк көлік құралдарын тексеруді игерді.

Семинар соңында қорытынды тестілеуден өткен қатысушыларға сертификаттар табысталды.