Жарияланған күні: 23.05.2019 09:02
Өзгертілген күні: 23.05.2019 09:04

Ағымдағы жылдың 1 мамырына камералдық бақылау бойынша қалыптастырылған хабарламалардың саны 4085 дана, бұзушылық сомасы 78 млрд. 124 млн.теңге.

Камералдық бақылау нәтижелерімен (01.05.2019 жылға орындалу мерзімін ескере отырып) орындалған хабарламалардың саны 2501 дана, есептелуге тиісті бұзушылық сомасы (СПкН)  3 млрд. 261 млн.теңге, оның ішінде өндірілген бұзушылық сомасы 2 млрд. 906 млн.теңге, камералдық бақылау нәтижесімен өндіру сапасының үлесі 89 % (мақсатты көрсеткіш 70%).  Өндірілген бұзушылық сомасының ішінде төлем құжаттарымен төленгені (живыми деньгами) 1 млрд. 318 млн.тенге немесе өндіру үлесі  40,4% (мақсатты көрсеткіш 40%). 

 

 

                  Мемлекеттік тіркеулері  жарамсыз деп танылған

                         мекемелердің  контрагенттері  бойынша

 

2019 жылдың 1–ші мамырына ҚР Қаржы министрілігі Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-сайттында тіркелуі  жарамсыз деп танылған 26 мекеме орналастырылған. Оның ішінен 111 хабарлама жалпы сомасы 654,0 млн. теңгеге автоұшырылыммен қалыптастырылды.

Бүгінгі таңға, 100 хабарлама жалпы сомасы 44,1 млн. теңге  орындалып,  оның ішінде нақты ақшамен бюджетке 14,7 млн. теңге түсті.

 

 

Тәуекелді салық төлеушілер бойынша жүргізілген талдау нәтижелері.

 

  01.05.2019жылға Шымкент қаласында 22 тәуекелді Серіктестіктер анықталып, 2018 жылға тапсырған декларацияларында жылдық жиынтық табыстары 57,7 млрд теңге бола тұра, мүліктері мүлдем жоқтығы,  жалақы қоры өте төмен және салық жүктемелері (КНН) «0» көрсеткішті құрады.

Қазіргі таңда, 10 Серіктестіктер бойынша арыз-талаптар Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жолданған, олар бойынша болжамды залал сомасы 1,5 млрд.теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, осы салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеулерін жарамсыз деп тану бойынша жұмыстар жүргізілуде

 

                                                           Камералдық бақылау басқармасы

Шымкент қаласы бойынша МКД