Жарияланған күні: 29.04.2024 15:41
Өзгертілген күні: 29.04.2024 15:42
Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Тақиев өңірде толыққанды тоқыма кластерін құру мақсатында 2005 жылы құрылған "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағына (бұдан әрі - АЭА) барды.
АЭА тоқыма химия, мұнай-химия салаларын және ішінара машина жасау өндірістерін дамыту үшін қолайлы инвестициялық алаң болып табылады.
Инфрақұрылым нысандарының құрылысына 8,2 млрд. теңге бюджет қаражаты бөлінді, 22 инфрақұрылым нысаны салынды,4326 жұмыс орнын құруды көздейтін 65 жобадан тұрады. Оның ішінде бүгінгі таңда жалпы инвестиция сомасы 58,7 млрд. теңгеге 39 жоба іске асырылып, 1 984 жұмыс орны ашылды.
Сондай-ақ, Министрлік басшысы "Оңтүстік" АЭА " кеден бекетінің бақылау-өткізу пунктінің жұмысымен танысты.
Жұмыс сапарының соңында Мәди Тақиев Халықпен, "Бал Текстиль" ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді, онда министр бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді.