Жарияланған күні: 27.06.2022 14:41
Өзгертілген күні: 27.06.2022 14:42

2022 жылғы 22 - 24 маусым аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Бақылау департаментінің Транзит басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ көрсетілім арқылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылаудың түрлерін жүзеге асыру» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылаудың түрлерін жүзеге асыру» бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жұмыстың принциптері, негіздері, тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Дәріскерлер ретінде:

-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Департамент директорының орынбасары  - Калмагамбетов Болат Саданович; 

-Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің бас сарапшысы – Тимур Ғылымбекұлы Атембеков;

-Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің бас сарапшысы – Ғани Сапарғалиұлы Салмаев  сөз сөйледі.

Қатысушылар - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылаудың түрлерін жүзеге асыру» тақырыбы бойынша жұмыстың негіздерімен және ерекшеліктерімен танысты.

Семинардың қорытындысы бойынша 64 қатысушы біліктілігін арттырды.