Жарияланған күні: 03.10.2018 09:05
Өзгертілген күні: 03.10.2018 09:05

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 191-бабында  кеден органы лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыруы қарастырылған.

Кедендік декларация – тауарлар туралы мәліметтер және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтер қамтылатын кедендік құжат.

      Яғни, тауарларды кедендік декларациялау мақсаттары үшін тұлғаның таңдауы бойынша кеден органы лауазымды адамының транзиттік декларацияны, жолаушыларға арналған кедендік декларацияны, көлік құралына арналған декларацияны, сондай-ақ тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасаған кезде тауарларға арналған кедендік декларацияны толтыруына мүмкіндік берілген.
      Кеден органы лауазымды адамының көрсетілген кедендік декларацияларды толтыру жағдайлары мен тәртібін, сондай-ақ осындай толтыруға байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін уәкілетті орган бекітеді.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы