Жарияланған күні: 21.09.2018 16:40
Өзгертілген күні: 21.09.2018 16:45

          2018 жылдың 1 тамызынан бастап, еGov.kz порталында барлық салықтарды және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді авторизация жасамай және ЭСҚ қол қоймау мүмкіндігінсіз-ақ салықтарды төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды. Бұған дейін «электрондық үкімет» порталында жеке тұлғалар үшін  мүлік, жер және көлік салықтарын ғана төлеуга қол жетімді болған.

eGov.kz «Электронды үкімет»  порталында салық төлеу бойынша нұсқаулар

eGov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» - «Салық салу» - «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салықтөлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.

Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизациялану және БСН деректерін толтырып және керісінше заңды тұлға салықтарын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Бүгінгі күнде порталда 18 түрлі салықтар бойынша төлеу мүмкіндігі бар: корпоративтік табыс салығы; жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; ЗТ және ЖК мүлiгіне салынатын салықтар; жер салығы; ЗТ көлiк құралдарына салынатын салық; бірыңғай жер салығы; қосылған құн салығы; акциздер; арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы; экспортқа салынатын рента салығы; ойын бизнесіне салық; тіркелген салық; алымдар; төлемдер; кедендік төлемдер; басқа төлемдер және баждар.

Ал, 2018 жылдың соңына дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында https://kgd.gov.kz/ жүзеге асырылатын болады.

 

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті