Жарияланған күні: 14.07.2020 12:31
Өзгертілген күні: 14.07.2020 12:32

Ағымдағы жылдың 12 мамырынан  бастап жылда өткізілетін жалпыреспубликалық «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!»  акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты азаматтардың белсендігін көтеру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту және кәсіпкерлердің арасында адал бәсекеге қабілеттілікті ынталандыру болып табылады.

         Әр тұтынушы бақылау-касса машинасының фискалдық чегін «Wipon» қосымшасы арқылы жолдап, күнделікті сомасы 200 теңгеден 5,0 мың теңгені құрайтын ақшалай ұтысына ие бола алады.

         Акция 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасын табады.

         Құрметті қала тұрғындары мен мегаполис қонақтары! Түбіртекті бермеген жағдайда өздеріңіздің азаматтық ұстанымызды, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге шақырамыз.

         Осыған қоса, жыл соныңа дейін «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» жобасы қатар өтізіледі, яғни бақылау-касса машинасының фискалдық чегін бермеу фактілерін, салықтық тексеру жүргізбей азаматтардың қатысуымен айқындауға болады.

         Аталған жобаның мақсаты, яғни әр тұтынушы түбіртекті бермеу фактісімен кездескен жағдайда, «Wipon» қосымшасы арқылы арыз шағымына  бейне жазбасын қоса  жолдауға болады, жолданған арыз шағым автоматты түрде мемлекеттік кірістер органдарына түседі. Барлық жолданған өтініштер сол мемлекеттік кірістер органдарында қаралады.

         Оның алгоритмі келесідей: 

  • «Wipon» қосымшасын жүктеу;
  • Аты жөнінің, ЖСН, телефон нөмірін көрсете отырып тіркелу;
  • «Өтінішті жолдау» пернесін басу;
  • «Камера» пернесін баса отырып түбіртекті бермеген фактісін бейне жазбаға түсіру;
  • Сауда орнының атауын,  мекен-жайын көрсету;
  • «Жолдау» пернесін басу қажет.

         Фискалды чектерін  бермеу фактісі расталған жағдайда, заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бузушылық туралы  кодексіне сәйкес шаралар қолданылады, ал өтінішті жолдаған тұтынушы телефонының теңгеріміне 1000 теңге сыйақы алады.

        

Шымкент қаласы бойынша МКД.