Жарияланған күні: 30.05.2023 15:31
Өзгертілген күні: 30.05.2023 15:33

2023 жылғы 26 мамырда Шымкент қаласының арбатында мемлекеттік органдар өкілдері мен құқық саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен дәстүрлі «Халық заңгері» акциясы өтті.



«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясының мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету болып табылады. Шымкент қаласының тұрғындарына салық және кеден әкімшілендіру бойынша сұрақтарын қойып, жауап алуға мүмкіндіктер берілді.

Іс-шараға Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бейбіт Қарымсақов және құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

Акция барысында сарапшылар азаматтардан түскен барлық сұрақтарға жауап берді.