Жарияланған күні: 21.07.2021 11:51
Өзгертілген күні: 21.07.2021 11:53

2021 жылғы 24 маусымда №53-VII Қазақстан Республикасының Заңына «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қоюға байланысты салық заңнамасының негізгі өзгерістерін салық төлеушілердің назарларына  жеткіземіз.

Салық міндеттемелерін орындау туралы салық төлеушілерге хабарлау

Салық кодексінің 13-бабының 2-тармағы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

Салық міндеттемелерін орындалуы туралы хабарлама алу үшін салық төлеуші салық органына өзінің телефон нөмірлері және электрондық пошта мекенжайлары туралы мәліметтерді беруге құқылы.

Арнаулы мобильді қосымшаны («е-SalyqBusiness») пайдаланумен арнаулы салық режимін енгізу

Салық кодексінің 67, 79, 115, 166, 190, 213, 482, 678, 679, 680, 681, 683, 684, 2-1 тарауы ,686-1,686-2,686-3 баптары, Қолданысқа енгізу Заңының 33 бабы (358 және 362) 2022 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы мобильді қосымшаны қолдана отырып жеке кәсіпкерлер үшін жаңа арнаулы салық режимі енгізіледі.

Аталған ережелерге сәйкес мобильді қосымша кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орындауын жеңілдетуін қамтамасыз ету тиіс. Осылайша, мобильді қосымшаны пайдалану арқылы жеке кәсіпкер ретінде қарапайым онлайн тіркелу, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, көрсетілген арнаулы салық режимін қолданатын тұлғалар үшін СЕН ұсынуды алып тастау қарастырылады.

Банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру үшін 6 АЕК-тен астам мөлшерде салық берешегінің шекті шегін белгілеу

Салық кодексінің 118-бабы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

Салық берешегінің шекті шегі белгіленген (6 АЕК немесе 17 502 теңге) одан төмен салық берешегі өтелмеген жағдайда шығыс операцияларын бұғаттау бойынша шаралар қолданылмайды.

2022 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі

Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктерге мемлекеттік кірістер органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді онда көрсетілген берешекті өтеген кезде қайтарып алғанға дейін  банктік шот бойынша шығыс операцияларын қайта бастау құқығы беріледі.