Жарияланған күні: 06.03.2024 11:02
Өзгертілген күні: 06.03.2024 12:05

Шымкент қаласы бойынша МКД басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбековтың төрағалығымен Абай және Тұран аудандары бойынша МКБ қызметкерлерімен 27.02.2024 жылы жиналыс өткізіліп, салық қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ қызметтік этиканы сақтау мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңнамадағы соңғы өзгерістер, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен олардың салдары және сыбайлас  жемқорлық профилактикасы мен қызметтік этиканы  сақтау мәселелері талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, отырыс барысында Абай ауданы бойынша МКБ басшысының орынбасары Н.Татыбаев басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Отырысты қорытындылай отырып, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және қызметтік этиканы сақтау тақырыбында профилактикалық сұхбат жүргізіп, Әдеп кодексінің талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.