Жарияланған күні: 23.06.2022 15:37
Өзгертілген күні: 23.06.2022 15:40

Үржар ауданында тауардың иесі тиісті рәсімдерді жүргізуден бас тартуына және қажет етпеуіне байланысты электронды темекіге арналған капсулалар жойылды.

2022 жылғы сәуірде «Бақты» кеден бекетінде Алматы облысы кәсіпкерлерінің бірі әкелген тауарларға бақылау кезінде, электронды темекіге арналған «INVLAVE» капсулалары табылды. Барлығы - 10000 дана, бағасы 61000 тенге, жалпы салмағы 67 кг.

«Темекі өнімдерінің техникалық регламентіне» сәйкес бұл тауар міндетті түрде таңбалауға жатады, алайда осы жағдайда тауар таңбасыз енгізілген.

Таңбалауға жататын өнімнің кедендік ресімдеу мерзімі мен тәртібі бұзылғандықтан, кеден бекетімен аталған темекі өнімі уақытша тәркіленген.

Кейін, тауардың иесі «электронды темекіге арналған капсулалардың» қауіпсіздік сәйкестігіне бағалау және таңбалау жүргізу бойынша қажетті рәсімдерді жүргізуден бас тартуына және қажет етпеуіне байланысты, сондай-ақ бұл өнім адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретінін ескере отырып, ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің тұрақты комиссиясымен «INVLAVE» капсулаларын жою туралы шешім қабылданған.

Ағымдағы жылдың маусым айында Үржар ауданы әкімдігінің келісімімен қоқыс алаңында «INVLAVE» капсулалары өртеу тәсілімен жойылды.