Жарияланған күні: 13.08.2019 12:34
Өзгертілген күні: 13.08.2019 15:40

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғаларға салық бойынша салықтарды есептен шығару арқылы салықтық амнистия туралы хабарлайды.

         Жылдың соңына дейін әрбір азамат есептелген айыппұлдарды есептен шығару үшін осы акцияны пайдалана алады.

         Жалғыз шарты, соңғы жылдардағы салық бойынша негізгі қарыз сомасын төлеу керек.

         Мемлекеттік кірістер органдары күнделікті жеке шоттар мәртебесін бақылайды және егер негізгі борыш төленсе, айыппұлдарды жою туралы шешім үш жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады.

         Қарыз сомасы Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында: kgd.gov.kz немесе электрондық үкімет порталында табылуы мүмкін: e-gov.kz

         Салықтық амнистия 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Шымкент қаласы бойынша МКД

                                                                        Түсіндіру жұмыс басқармасы