Жарияланған күні: 26.09.2023 11:11
Өзгертілген күні: 26.09.2023 11:15

 

 

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп  жөніндегі уәкілі Е.Тұрысов 28.08.2023 жылы кедендік әкімшілендіру бөлімшелерінің қызметкерлерімен мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында профилактикалық бағыттағы түсіндірме түріндегі сұхбат жүргізді.

Кездесу барысында, Департаментте жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде кедендік бақылау шеңберінде тауарларды шығару барысында ақпараттық жүйеде өзге бақылау шаралары аяқталмай тауарларды шығару тәуекелдері анықталғанын атап өтті.

Сол себепті, «Астана-1» ақпараттық жүйесі арқылы кедендік бақылау шараларын жүргізу барысында заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы түсіндірілді.

Әдеп жөніндегі уәкілімен сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының өзге де мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлық салдары туралы түсіндірме жүргізіліп, талқыланды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жақсарту бағытында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде бекітілген моральдық-этикалық нормаларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.