Жарияланған күні: 02.08.2023 10:38
Өзгертілген күні: 02.08.2023 10:39

Шымкент қаласы бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкілі салықтық аудит бөлімшелерінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында профилактикалық сұхбат жүргізді

 

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп  жөніндегі уәкілі Е.Тұрысов салықтық аудит бөлімшелерінің қызметкерлерімен мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында профилактикалық бағыттағы түсіндірме түріндегі сұхбат жүргізді.

Кездесу барысында, Департаментте жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде салықтық тексеру уақытын созу тәуекелдері анықталғанын және бұл салықтарды есептеу  бойынша талап қою мерзімдерінің өтіп кетуіне және бюджетке түсетін кірістердің азаюына әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтті.

Сол себепті, салықтық тексерулердің мерзімдерін қатаң сақтау және негізсіз созбаландыққа жол бермеу қажеттігі туралы түсіндірілді.

Әдеп жөніндегі уәкілімен сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының өзге де мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлық салдары туралы түсіндірме жүргізіліп, талқыланды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жақсарту бағытында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде бекітілген моральдық-этикалық нормаларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.