Жарияланған күні: 06.09.2023 08:49
Өзгертілген күні: 06.09.2023 08:51

Шымкент қаласы бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкілі жас мамандармен сұхбат жүргізді

 

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп  жөніндегі уәкілі Е.Тұрысов 05.09.2023 жылы Департаменттің және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының жас мамандарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның өкілі А.Қансейіттің қатысуымен жас мамандарға Президенттің жастар кадр резерві туралы ақпарат түсіндіріліп, іріктеуге қатысу үшін құжаттарды тапсыру тәртібі талқыланды.

Сонымен қатар, жас мамандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен жемқорлық салдары туралы түсіндірме  сұхбат жүргізілді.

Бұл ретте, қызметкерлерге Әдеп кодексінің жалпы ережелері, оның ішінде ұлтаралық келісімді нығайту, мемлекеттік және басқа да тілдерге, дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарау, мемлекеттік саясатты ұстану қажеттігі туралы түсіндіріліп өтті.

Сондай-ақ, Е.Тұрысов әлеуметтік желілерді белсенді қолданушылары болып саналатын жас қызметкерлерге әлеуметтік желілерде өз ұстанымын білдіруде мемлекеттік қызметшілері үшін бекітілген шектеулерді сақтау керектігін ескертті.