Жарияланған күні: 08.08.2022 10:30
Өзгертілген күні: 08.08.2022 10:31

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының, құрылымдық бөлімшелерді және кеден бекеттерінің қатысуымен 04.08.2022 жылы өткен кеңейтілген Алқа мәжілісінде Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі – Е.Тұрысов мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбы бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасының 2022 – 2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға ерекше көңіл бөлінгенін айта келе, барлық Департамент қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін талдау жұмыстарын күшейтіп, анықталған тәуекелдерді жою бойынша шара көруге щақырды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жақсарту бағытында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде бекітілген моральдық-этикалық нормаларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.