Жарияланған күні: 21.09.2018 16:32
Өзгертілген күні: 21.09.2018 16:34

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 21.01.2016ж. №22 «ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Өзгерістер мен толықтырулардың енгізуіндегі Бұйрықтың 16-тармағына сәйкес, «Тауарға ілеспе құжат ретінде электронды шот фактура, тауар декларациялары және (немесе) тауарларды әкелу туралы өтініштерді куәландыру МКБ-ларында жүзеге асырылады:

  1. Тізбеге енгізілген тауарларды, сондай-ақ Хаттама күшіне енгенге дейін әкелген (өндірген), СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасы аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкеткен жағдайда салық төлеушінің орналасқан жері бойынша;
  2. басқа жағдайларда салық төлеушiнiң жүгінген орны бойынша.

Сондықтан, 01.08.2018 жылдан бастап тауарға ілеспе құжат ретінде электронды шот-фактураларды, тауар декларациялары, тауарларды импорттауға және жанама салықтарды төлеуге өтініштерді куәландыру үшін орналасқан жерлеріңіз бойынша жүгінулеріңіз қажет.

Бұдан басқа, тізімге енгізілген тауарларды жүк тасымалдау құжаттарында мемлекеттік тіркеу органдарының мөрімен, тауарлардың қозғалысын есепке алу жүйесін бұза отырып Қазақстан Республикасы аумағынан тыс алып кеткен жағдайларға, әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы хабарлаймыз.

 

 

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті