Жарияланған күні: 10.12.2018 12:47
Өзгертілген күні: 10.12.2018 12:49

Жекеленген мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі, азаматтардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүргізілетін, мемлекеттік қызмет болып табылаты. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарымен бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетілуде, солардың бірі кедендік баждар, салықтар төлемін қамтамасыз етулерді тіркеу». Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің  04.06.2015ж. № 348 және 27.04.2018ж. № 284 бұйрықтарымен бекітілген регламент пен стандартқа сәйкес жеке және заңды тұлғаларға ақысыз түрде көрсетіледі, қызмет көрсету нысаны – қағаз жүзінде. Қызмет бекітілген жұмыс тәртібі бойынша: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес, демалыс және мерекелік күндерді ескермегенде, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі күні мен жұма күндері аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемелекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

             Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен 2018 жылдың тамыз-қараша айлар аралығында «Кедендік баждар, салықтар төлемін қамтамасыз етулерді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету барысында төлеушілердің өтініштері негізінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің 108 есеп нысандары ресімделді және тіркелді.

Олардың ішінде: 

- сақтандыру шартын қолдану арқылы – 12 нысан;

-қамтамасыз ету сомасын кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізу жолымен – 95 нысан;

-банк кепілдігін қолдану арқылы-1 нысан.

 

 

Шымкент қаласы бойынша МКД