Жарияланған күні: 24.08.2022 18:58
Өзгертілген күні: 24.08.2022 19:01

Жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтары бойынша бүгінгі таңда 80 059 жеке тұлғаның берешек сомасы 1 млрд 601,8 млн.тг. құрап отыр.Негізгі берешек сомасы 1 283,8 млн.теңге, ал өсімпұл 317,9 млн.теңге.

Оның ішінде, жер, мүлік салығы бойынша 49 704 жеке тұлғаның берешек сомасы 291,5 млн.теңге, ал көлік салығы бойынша 30 355 жеке тұлғаның берешек сомасы 1 млрд 310,2 млн.теңге.

Берешек сомасын төлеуден жалтарып жүрген ТОП-100 жеке тұлғалардың тізімі Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми сайтына жарияланды.

Мысалы: Уәкілетті орган Шымкент қаласы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының мәліметіне сәйкес Бекжанов Алмастың меншігінде көлемі 4 мың текше метрден асатын 2 көлік құралы тіркелген.

Бүгінгі таңда Бекжанов Алмастың көлік салығынан берешек сомасы 6,2 млн.теңгені (4 441 239 теңге негізгі берешегі, 1 803 497 теңге өсімпұлы) құрап отыр.

Осыған ұқсас, Озарбаев Асан берешегі – 5,3 млн.теңге, меншігінде 8 көлік құралы тіркелген;

Сейдахметов Марленнің берешегі – 4,4 млн.теңге, меншігінде 3 көлік құралы тіркелген;

Жабаев Ермембай берешегі – 4,3 млн.теңге, меншігінде 46 көлік құралы тіркелген;

Халдаров Кудратулла берешегі – 3,7 млн.теңге, меншігінде 2 көлік құралы тіркелген;

Күзенбаев Ғани берешегі – 3,5 млн.теңге, меншігінде 2 көлік құралы тіркелген;

Ахмет Абай берешегі – 3, 3 млн.теңге, меншігінде 1 көлік құралы тіркелген;

Бүгінгі таңда, берешегі бар тұлғалар бойынша уәкілетті органмен тіркеуде тұрған көлік құралдарын есептен шығаруға уақытша шектеу қойылуда.

Салық берешегі туралы мәліметке ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz және мобильді құрылғыға «AppStore» және «PlayMarket» арқылы тегін «e-Salyq Azamat» қосымшасын орнату арқылы қол жеткізуге болады. Сондай-ақ, осы көрсетілген қосымшалар арқылы берешекті онлайн түрде төлеуге болады.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, берешек сомасын мәжбүрлі түрде өндіруге және шектеуге жеткізбей уақытылы төлеуге шақырады.

ТОП-100 салықтан жалтарып жүргендер