Жарияланған күні: 21.09.2018 12:26
Өзгертілген күні: 21.09.2018 12:27

         Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық одағының (ЕЭО) аумағына әуе көлігімен тасымалданатын тауарларға міндетті алдын ала ақпаратандыру 2017ж. 1 сәуірінен енгізілгенін назарларыңызға жеткізеді (Евразиялық экономикалық одағы алқасының 2015ж. 1 желтоқсандағы № 158 Шешімі).

Ұыснылған ақпараттар мемлекеттік кірістер органдарымен алдын ала шешім қабылдау үшін объектілерді, кедендік бақылаудың формасын және кедендік бақылауды қамтамасыз ететін шараларды таңдау, тауарлардың  ЕЭО территориясы аумағына келгенге дейін әуе көлігін түсіруге шешім дайындау үшін қолданылады.

Әкелінетін тауарлар туралы мәліметтері енгізілген, әуе кемесі туралы  мағлұматы бар және ұшу бағыты туралы міндетті  алдын ала ақпараттандыру Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің   кеден органдарының өткізуді ұйғарылған пункттерінің аумағында орналасқан пункттерге 2 сағат бұрын ұсынылуы тиіс.

 

Алдын ала ақпараттандыру:

  • әуе кемесі және ұшу бағыт туралы мағлұматтар сонымен бірге, әуе кемесінің бортында ЕЭО территориясы аумағына әкелуге тиым салынған және шектулерге жататын тауарлар сонымен қатар, қару жарақ, құрамында есірткі бар,  күшті әсер етуші құралдар, дәрілік заттар, психотроптық заттар, улы заттар;
  • транспорттық құжаттарда көрсетілген тасымалданатын тауарлар туралы мәліметтер, жөнелтуші және жүкалушы туралы мағлұматтардан тұрады.

 

Алдын ала ақпараттаныдару мәліметі ұсынылмаған тауарлар тәуекел бейініне жатқызылады. Бұл тауарларға қатысты кеден органдары заңнамаларға сәйкес тәуекелді минимизацияландыру іс-шараларын қолданады. 

 

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті