Жарияланған күні: 27.06.2022 14:44
Өзгертілген күні: 27.06.2022 14:45

Жуырда Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Мамандандырылған департаменті Жер қойнауын пайдалануын салықтық бақылау басқармасының бас сарапшысы Әлия Әленова «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.

Ә.Әленова еңбек жолын 1998 жылы  Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы, бөлім басшысы лауазымдарынан бастаған.

 Кейіннен ҚР ҚМ Салық комитетінде түрлі лауазымдарда жұмыс жасаған.

2009 жылдан бастап жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттемелерін орындауын бақылау және талдауды жүзеге асыруға зор үлесін қосып келеді.