Жарияланған күні: 21.09.2018 12:01
Өзгертілген күні: 21.09.2018 12:18

         2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Салық кодексінің 24 бабының 15 тармақшасы, яғни екінші деңгейдегі банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi заңды күшіне енді.

         Аталған баптын талаптарына сәйкес, корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттарды, әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушілерге, сонымен қатар;      - осы екінші деңгейдегі банкте ашылған, салық органдары инкассалық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер қойылған банк шоты бар салық төлеушілерге;

         -салықтық берешегі (осыған қоса мүлік, көлік және жер салықтарынан қарызы бар жеке тұлғаларға), әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілерге банктік шоттар ашудан бас тартуға міндетті.

         Банктерге жүгінген жағдайда, яғни айлық  немесе мемлекеттен жәрдемақы алуға банктік шот ашу кезінде қолайсыз жағдайлар туындамау үшін, салық немесе әлеуметтік төлемдер бойынша берешектерін уақытылы өтегені туралы ескерте отырып, берешектері бар немесе жоқтығы туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан kgd.gov.kz көруге болады. Ол үшін «Электрондық сервистар» бөлімінде «Салықтық берешегінің жоқ/ бар екендігі туралы мәлімет»- ЖСН/БСН нөмірін теру  және «Іздеу» басу арқылы мәліметті жүктеу қажет.

         Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің, яғни әр Қазақстан Республикасы азаматының борышы әрі міндеті болып табылады.

         Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қала тұрғындарының заңды түрде белгіленген салықтары мен төлемдері бойынша берешектері болған жағдайда уақытылы өтеуге шақырады.

 

                                                       

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті