Жарияланған күні: 09.01.2020 09:08
Өзгертілген күні: 09.01.2020 09:09

Патент. Не өзгерді

         2020 жылдан бастап заңды түрде кейбір қызмет түрлеріне қатысты патентті қолдануы қысқартылған, онын ішінде сауда-саттықпен де айналысу қызметі де.

         32 қызмет түрлерімен айналысатын жеке кәсіпкерлер, яғни сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды,білім беру, аударма қызметі, фотосүрет қызметі, шаштараз қызметі, такси қызметі және т.б жұмыстарды патент негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға құқылы.

         Осы 32 қызмет түрі қалыптастырылған кезде 2 көрсеткіш басым болған, олар-жалдамалы жұмысшылардын көмегін қажет етпейтіндігі және төмен табыс мөлшері.

         911.00 салық есептілік нысанында көрсетілген қызмет түрі Патент режимін қолдануға, яғни 32 қызмет түріне жатпаған жағдайында патет берілмейді.

Бірыңғай жер салығы (БЖС).

         2020 жылдан бастап салық салу объектісі өзгертілген, осыған дейін жердің бағалау құңынан салықтар салынатын еді, ал Жаңа жылдаң бастап ауыл шаруашылығы өнімін, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдерін өткізуден алған кіріс- салық салу объектісі болып табылады және салық салу объектісіне 0,5 пайыз мөлшерді құрайды.

         Еңгізілген өзгерістер өз кезегінде микро және шағын бизнес субъектілеріне кірістен салық төлеуден үш жылға босатылады.

         Барлық жеңілдіктер де қолданылады. 

         Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер табыс салығы,  жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны,  көлік, мүлік салықтары, әлеуметтік салығы, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны төлеушiлері болып табылмайды.

         БЖС төлеушілер қосылған құн салығы төлеушісі ретінде есепке алынбайды, ал ҚҚС төлеуші ретінде есепке тұру жағдайы тұындаған кезде тек салық режимі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер болып өзгертіледі.

         Сонымен қатар, шаруа немесе фермерлік қожалықтары заң аясында белгіленген жеңілдіктерді қолдана отырып, салық есептіліктері мен онлайн-БКМ қолдану тәртіптерін қатаң сақтап өз салық міндеттемелерін уақытылы орындау қажет.

         Тіркелген салық.

         2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелген салық қысқартылған.

         Тіркелген салық төлеушілері басқа салық режимін таңдауға міндетті және де салық салу объектілерін, яғни бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы, бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы, ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер, ойын жолы ,карт, бильярд үстелi, уәкілетті ұйымның айырбастау пункті есептен шығаруы қажет.

         Ал айырбастау пунктері тек жалпыға бірдей салық режимін қолданылады.

         Ойын бизнес салығы.

         2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қысқартылды. 100.00 салық есептілік нысаның табыс етуі және КТС төлеуі міндеттелген.      

Арнаулы салық режимiн таңдау тәртібі.

         Салық кодексінің 679 бабына толықтырулар енгізілген. Салықтық кезең ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге салық режиміннен ауысуға шектеу қойылған.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.