Жарияланған күні: 23.08.2019 15:25
Өзгертілген күні: 23.08.2019 15:26

Ағымдағы жылдың 16 шілдесің 31 желтоқсанына дейін жеке тұлғалардың салықтық рақымшылығы басталды. Салықтық рақымшылыққа орындалмаған салықтық міндеттемелері бар жеке тұлғалар (көлік салығы, мүлік салығы, жер салығы, жеке табыс салығы) жатады.

2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына туындаған бересі сомасын төлеген жағдайда,  салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомалары рақымшылыққа жатады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметі бойынша он бес жыл бұрын пайда болған жаңылыс салықтық берешегі бар, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаларға қатысты, яғни осындай жеке тұлғалар бұрынырақ кәсіпкерлік қызметпен айналысқандары туралы мемлекеттік кірістер органдарында ақпараттар жоқ болуына байланысты осы жеке тұлғаларға жалпы салық берешегі толығымен есептен шығарылады.

Қарыз сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында: kgd.gov.kz немесе электрондық үкімет порталында e-gov.kz көруге болады.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, салық берешегі бар азаматтарды мемлекет тарапынан есептелген өсімпұл түріндегі санкциясыз, өз салықтық міндеттемелерін орындау мүмкіндігін пайдалануға шақырды.

                                                              

 Шымкент қ .бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.