Жарияланған күні: 21.12.2022 09:29
Өзгертілген күні: 21.12.2022 09:30

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 21 желтоқсаннан бастап «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінің порталында (eokno.gov.kz) кедендік реттеу мәселелері бойынша білім базасын қамтитын «Smart Bot» виртуалды ассистенті жұмыс істейтінін хабарлайды. Сондай-ақ, бұл платформа кедендік шекарадағы мәселелер бойынша операторға хабарлама (сұрақ, ескерту, ұсыныс) жазуға мүмкіндік береді.